Қазақстан • 15 Наурыз, 2021

Қытай елшісі қазақстандықтардың өтінішіне жауап берді

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан-Қытай қатынастарының өзекті мәселелері Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің ҚХР Елшісі Чжан Сяомен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытай елшісі қазақстандықтардың өтінішіне жауап берді

Маңызды тақырыптар арасында тараптар Қазақстан азаматтарының ҚХР-да тұратын туыстарымен қайта қосылуларына жәрдемдесу туралы өтініштерін талқылады.

Елші Чжан Сяо өтініш білдіргендердің туыстары ҚХР азаматтары екенін және ел заңнамасын бұзуына орай жазаларын өтеп жатқанын хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес консулдық қызметтер желісі бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.