Қазақстан • 15 Наурыз, 2021

Қазақстан 36 мың жұмыртқаны Ресейге қайтарды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР АШМ мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары Ресейге 36 мың жұмыртқаны қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан 36 мың жұмыртқаны Ресейге қайтарды

 11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының сыртқы бақылау пунктінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары ветеринарлық заңнамаға қайшы келетін 36 мың тағамдық жұмыртқаның әкелінуіне жол бермеді. Өнім Қазақстанға РФ Орынбор облысынан ЕАЭО талаптарына сәйкес келмейтін ветеринарлық сертификатпен бірге жіберілді. Жүк экспорттаушы елдің аумағына қайтарылды, деп хабарлады ҚР АШМ.

  Бүгінгі күні ҚР Сыртқы мемлекеттік шекарасында 31 ветеринарлық бақылау бекеті жұмыс істейді. Шекараның Ресей - Қазақстан және Қырғызстан - Қазақстан учаскелерінде 32 бекет орналасқан.

 2021 жылдың басынан бері мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдау кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелерді бұзғаны үшін кәсіпкерлерге 3,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.