Қоғам • 16 Наурыз, 2021

«Несие алуға көмектесемін»: Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Несие алуға көмектесемін»: Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды

1991 жылы туған К есімді азамат және оның 28 жастағы құрбысы заңсыз әрекетке барған. Екеуі де Жамбыл облысының тумалары. Күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің ақшасын ірі көлемде  иемденіп алғаны анықталды.

– Қылмыс жасау үшін ұсталғандар интернет-ресурстардың бірінде келесі мазмұндағы жарнаманы орналастырған: «Несие алуға көмектесемін». Потенциалды жәбірленуші хабарласқан кезде, қаскөйлер оны екінші деңгейлі банктердің бірінде шот ашу қажеттігіне сендіріп, “Beeline” абонентінің ұялы телефонының нөмірін көрсетіп, бұл карта көрсетілген нөмірге байланған болуы керек деп сендірген. Содан кейін олар азаматтарды несие алу үшін алғашқы төлемнің қажеттілігі туралы сендірді. Осы аралықта алаяқтар алынған соманы мобильді банкинг арқылы басқа картаға аударып, қолма-қол ақшаға айналдырды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Қаскөйлер Алматы облысының ауылдарының бірінде ұсталды. Қазіргі уақытта осы жұптың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен еліміздің әр аймақтарынан 12 жәбірленуші анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар