Қазақстан • 16 Наурыз, 2021

Қазақстанда «ақылды қалалар» көбейіп келеді

424 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Зерде» холдингінің Басқарма төрағасы Арман Абдрасилов Минскідегі форумда «Елдің «ақылды» қалаларының» эталондық стандартын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz 

Қазақстанда «ақылды қалалар» көбейіп келеді

Бүгін Минск қаласында «Ақылды тұрақты қалалар: дамудың ұйымдастырушылық және техникалық аспектілері» халықаралық электр байланысы одағының форумы өтіп жатыр, онда Қазақстан, Ресей, Украина және Әзірбайжан спикерлері, БҰҰДБ жобаларының сарапшылары, жетекші салалық компаниялардың мамандары практикалық тәжірибе мен ақылды тұрақты қаланы құру жолдарын ұсынады.

Бірінші сессияда ұйымдастыру аспектілері, эталондық стандартты қалыптастыру кезеңдері, Қазақстанның «Ақылды қаласын» құру әдіснамасы туралы «Зерде» холдингінің Басқарма төрағасы Арман Абдрасилов сөз сөйлейді.

Азаматтардың өмір сүру сапасын және қалалық қызметтердің тиімділік деңгейін арттыру үшін Қазақстанда қалалық инфрақұрылымға ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы Smart City "Ақылды қалалар" жобасы іске асырылуда.

«Ақылды» қалаларды салу тәсілін стандарттау үшін "Зерде" холдингі елдің «ақылды» қалаларының эталондық стандартын әзірледі. Құжат АКТ-ны пайдалана отырып, «Ақылды қала» салу үшін ЖАО-ның негізгі тәсілдерін, ақылды қалалар мәнмәтінінде АКТ-ны енгізумен және пайдаланумен байланысты тиімділіктің 100 негізгі көрсеткіштерін, жергілікті және халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстанда ақылды қалалар құру бойынша ұсынылатын 110 бастаманы, сондай-ақ «Ақылды қала» бастамаларын бағалау және кемелділікті бағалау әдіснамасын айқындайды.

«Қауіпсіздік» бағыты бойынша қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында Sergek фото-бейнетіркеу жобасы іске асырылды.

Көлік саласында электрондық билеттеу және қоғамдық көлікті диспетчерлеу жобалары, "ақылды тұрақ" қызметі іске асырылуда.

ТКШ саласында пилоттық көппәтерлі тұрғын үйлерде деректерді бірыңғай ақпараттық жүйеге қашықтықтан беру мүмкіндігімен жылу, су және электр энергиясын есептеуіштер орнатылады.