«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина «Достардан махаббатпен» онлайн-концертін ұсынды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Құрманғалиевті еске алу құрметіне арналған музыкалық кеш «Астана Опера» (Нұр-Сұлтан), Үлкен театр (Мәскеу) мен «Израиль Операсы» (Тель Авив) солистерінің қатысуымен ерекшеленді. Сондай-ақ бұл жобаны ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында өткен айтулы мәдени шараның бірі деуге толық негіз бар.

«Осынау айтулы концертке қатысу мен үшін үлкен құрмет, деп атап өтті Жұпар Ғабдуллина мерекелік ән жобасы туралы. – Биыл мәдени қауымдастық әлемге әйгілі опера әншісі, таңғажайып дауыс иесі, альт, Ерік Құрманғалиевтің туғанына 62 жыл толуын атап өтуде. Ол бірегей орындаушы болды, оның лирикалық нәзік даусын тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар барша әлем ұйып тыңдады, жақсы көрді. Ол классикалық музыканың түрлі жанрларын, соның ішінде барокко, батыс еуропалық, орыс және қазақ музыкасын, мысалға, Абайдың «Көзімнің қарасы» мен басқа да көптеген қазақ халық әндерін орындады.
Халықаралық концерт-телекөпірдің онлайн форматтағы көрсетілімін өткізуге Ерік Құрманғалиевпен әр кездері бірге жұмыс істеген музыканттар мен оның жақын достары атсалысты. «Астана Опера» театрының Камералық залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Операның» жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина «Астана Опера» театрының концертмейстері Жанар Ахметовамен бірлесіп өнер көрсетті, сонымен қатар музыкалық кешке танымал әншілер: Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Үлкен театрдың солисі Лариса Рудакова (сопрано), Үлкен театрдың солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Рустам Яваев (контр-тенор), пианист әрі музыкатанушы Александр Котовщиков, «Израиль Операсының» солистері Алексей Канунников (бас-баритон), Лилия Грецова (сопрано), Борис Костинецкий (контр-тенор), София Лещинская (меццо-сопрано), Илона Тойвис (сопрано) және Израиль операсының концертмейстері Александр Иванов қатысты.
Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі, концертке қатысушылар Ерік Құрманғалиевтің репертуарындағы туындыларды орындады.
Еске салар болсақ, өнер иесінің 55 жылдығы құрметіне белгілі ақын Маржан Ершудің «Еркін Құрманғалиев» атты кітабы жарық көрген болатын. Ғұмырнамалық еңбекте КСРО аумағында бірінші контр-тенор атанған әншінің өмірі мен өнері жайында егжей-тегжейлі баяндалады.
«Бүкіл адамзатқа үлкен ән мұрасын қалдырған Ерік Құрманғалиев кім еді? Ол 1959 жылы 31 желтоқсанда Атырау облысының Жылыой ауданында, Құлсары кентінде дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Әкесі Сәлім – хирург, анасы Меруерт балалар дәрігері болды. Еріктің кішкентай кезінде олар жұмыс бабымен Атырау қаласына көшті. Анасы мінезі жұмсақ, жаны нәзік адам болыпты. Анасының осы қасиеті Еріктің бойына қонды. Ол бала кезінде көкте қалықтай ұшқан құстардың даусына құмартты. Құстар табиғаттың әншілері еді. Сосын оған мультфильмнен гөрі, теледидар, радиодан берілетін концерттер өте қатты ұнайтын. Жас балаға Ольга Воронец, Людмила Зыкина репертуарындағы әндер ерекше әсер етеді. Сол кездің өзінде мектептегі әнші бала жіңішке альт даусымен атақты әнші апалардың әнін орындаған» деп жазды автор.
Ерік Құрманғалиевтің ерекше даусын кәсіби мамандар алғаш рет 1975 жылы тыңдады. Ол кең ауқымды, алапат тынысты, таза, әдемі дауысқа ие болатын. Құрманғалиев Бах, Гендель, Глюк, Моцарт пен Бортнянскийдің кантаталары мен ораторияларын, Россини, Беллини мен Мейербердің операларынан ариялар орындаған. Вокал өнеріндегі ерекше құбылыс саналатын Ерік Құрманғалиев айрықша тағдыр кешкен әнші. Оның әншілік тұлғасы күллі әлемнің алдында теңдесі жоқ даралыққа ие. Тілі басқа, дәстүрі бөлек алты құрлықтың адамдары оған, оның әншілік өнеріне табына әрі таңдана көз тікті. Ерік бір ғана халықтың перзенті болса да, оның әншілік миссиясы отанынан әрі асып, таулардан, мұхиттардан өтіп, бүкіл әлемнің алабын аралап кетті, атағы шартарапқа жайылды. Ол Гиннестің рекордтар кітабына әйел дауысты тұңғыш ер адам ретінде енді. Әнші 2007 жылы қарашаның 13 күні 47 жасында дүниеден озды.
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар