Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев палатаның жалпы отырысында: «Заң жобасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілді. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен ие болуына тыйым салуды енгізу», деп айтып өтті.
Осы орайда депутат Аграрлық мәселелер комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін атап өтті. Еске сала кетейік, жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдағанын айтқан еді.