Аймақтар • 17 Наурыз, 2021

Министрлік Түркістан облысындағы электр энергиясына қатысты түсінік берді

523 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі Түркістан облысындағы электр энергиясының ажырауына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік Түркістан облысындағы электр энергиясына қатысты түсінік берді

2021 жылғы 16 наурызда сағат 21:46-да «KEGOC» АҚ-ның «ГПП-1 –Қызылорда» 220 кВ Л-2019 және «Қаратау – Опорная» ӘЖ-220кВ Л-2089 әуе желілері ажыратылды. Осының нәтижесінде Қызылорда және Түркістан облыстары электр қуатынсыз қалды. «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК электр станциясының генерациясы 62-ден 0 МВт-қа дейін төмендеді. Сағат 00:27-де «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК электр станциясында ГТУ-3, сағат 02:27-де ГТУ-1, сағат 03:33-те ГТУ-2, сағат 04: 16-да ТГ-3 іске қосылды. Электр станциясының режимі қалпына келтірілді.

Сағат 21:52-де 220 кВ Л-2019, Л-2089 әуе желілері қосылды. Шектеулер алып тасталды. Сағат 22:47-де 220 кВ Л-2089 «Қаратау-Опорная» әуе желісі қайта сөніп қалды. «Қаратау-Опорная» 220 кВ Л-2089 әуе желісін қарау кезінде №439 анкерлік тірегінде (Қаратау КС-нан 77 км) «В» фазасы сымының үзілуі анықталды. «KEGOC» АҚ-ның авариялық бригадасы қалпына келтіру жұмыстарын бастады.

17 наурызда сағат 09:49-да сымның зақымдануы жойылғаннан кейін 220 кВ Л-2089 «Қаратау-Опорная» әуе желісі іске қосылды. Бұған дейін, 2021 жылғы 13 наурызда дүлей табиғи құбылыстардың (мұзды жаңбыр, қатты екпінді жел 28-30 м/с, электр беру желілері сымдарының мұздануы) әсерінен 220 кВ Л-2439 «Кентау – ГНПС» және Л-2319 «Шымкент – Миргалимсай» әуе желілері ажыраған болатын. Нәтижесінде, бүгінгі күні Қызылорда және Түркістан облыстарын табиғи апат салдарынан бүлінген электр желілерін қалпына келтіргенге дейін электрмен жабдықтау сенімділігі төмендеді.

Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп, Түркістан облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтауға және «KEGOC» АҚ және энергия беруші ұйымдар желілеріндегі қалпына келтіру жұмыстарына мониторингті жүзеге асыруда.