Қазақстан • 17 Наурыз, 2021

Республикада коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасуда

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 83 839 адам егілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Республикада коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасуда

«22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды, онымен бүгінге дейін 19 312 адам егілді, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Республика бойынша 58 863 медицина қызметкері, 13 744 педагог, күш құрылымдарының 4 094 қызметкері, 1 010 учаскелік полиция қызметкері және медициналық-әлеуметтік мекемелердің 393 персоналы мен контингенті құрауышта вакцинацияланды», дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов.