2018 жылғы қарашада белгісіз қылмыскер түнде терезеден ішке еніп, құны 123 мың теңгенің құрылысқа қажетті құрал-саймандарын қолды қылған. Бұл жөндеу жұмыстарымен айналысатын құрал иесіне айтарлықтай шығын келтірді. Қаскөйді «ізін суытпай» ұстау мүмкін болмады. Кезекті рет өткізілген «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясындағы күшейтілген жұмыс өз жемісін әкелді. Полицейлер қылмысқа көбіне жәбірленушімен бірге жиі жұмыс істеген 28 жасар аудан тұрғынының қатысты екендігін анықтады. Оның үйінен ұрланған заттардың бір бөлігі алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында барлық бағыттағы жұмыстар күшейтілді. Бұрын жасалған 8 қылмыс ашылды. Бұдан басқа ЖПІШ басталғаннан бері 15 қылмыс кезекші тәулікте ашылды. 1600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды» - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары, полция полковнигі Руслан Назаров.
Солтүстік Қазақстан облысы