Іс-шараға Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким, Ресей Еріктілер орталықтары қауымдастығы кеңесі төрағасының орынбасары Иван Радько, еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, БҰҰ-ның Қазақстандағы еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Никита Шабаев, «Росмолодежа» халықаралық қызметінің, Ресей волонтерлердің ұтқырлығы орталығының, «Ұлы дала елі» ҚБ, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ басшылары және екі мемлекеттің волонтерлік және жастар ұйымдарының басқа да өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде бірлескен жобаларды іске асыру, ынтымақтастық жоспарына өзгерістер енгізу және V отырыстың міндеттерін айқындау мәселелері талқыланды.
Кеңестің мақсаты – ақпараттық, әдістемелік және сараптамалық даму тәжірибесін кеңейтуге бағытталған жастар және волонтерлер қозғалысын дамыту саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру.