Саясат • 18 Наурыз, 2021

Бірлескен жобаларды іс­ке асыру мәселелері қаралды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен Волонтерлық кеңестің IV отырысы өтті. Онлайн режімде ұйымдастырылған іс-шараны ресейлік тарап ұйымдастырды.

Бірлескен жобаларды іс­ке асыру мәселелері қаралды

Іс-шараға Қазақстан Парламенті Мәжілі­сінің депутаты Вера Ким, Ресей Ерікті­лер орталықтары қауымдастығы кеңесі төр­ағасының орынбасары Иван Радько, еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, БҰҰ-ның Қазақстандағы еріктілер бағдар­ламасының үйлестірушісі Никита Шабаев, «Росмолодежа» халықаралық қызметінің, Ресей волонтерлердің ұтқырлығы орта­лығының, «Ұлы дала елі» ҚБ, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ басшылары және екі мемлекеттің волонтерлік және жастар ұйымдарының басқа да өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бірлескен жобаларды іс­ке асыру, ынтымақтастық жоспарына өзге­рістер енгізу және V оты­рыстың міндеттерін айқындау мәселелері талқыланды.

Кеңестің мақсаты – ақпараттық, әдісте­мелік және сараптамалық даму тәжірибесін кеңейтуге бағытталған жастар және волонтерлер қозғалысын дамыту саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру.