Оқиға • 18 Наурыз, 2021

Корейдің көркем түстері

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында, Елбасы кітапханасы мен еліміздегі Корея Республикасы елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығы бірлесіп, Сукмён қыздар университеті музейінің қолдауымен, «Корея түстері: кеше және бүгін» атты көрме ұйымдастырды.

Корейдің көркем түстері

Көрме жәдігерлері «бес түс – бес негізгі бағыт» тұ­жы­­рымдамасы негізінде да­йындалып, экспозицияда ко­рейлердің дәстүрлі киім үл­гілерінің артефактілері мен ре­продукциялары саналатын жәдігерлер, дәстүрлі тұр­мыс­тық заттары қойылып, Сукмён әйелдер университеті түлектерінің заманауи жұмыс­тары ұсынылды.

Шараны ашып сөз сөйлеген Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темір­болат аталған оқиға екі ел арасындағы достық байланысын бекіте тү­сетініне сенім біл­діре келіп, көп­шіліктің көз­­айымына ай­налған бұ­йымдар, атап айт­қанда кос­тюмдер, керамика мен ағаш­­­тан жасалған үй керек-жарақтары корей халқының әдет-ғұрыптарының бояуын әй­гілеп тұрғанын жеткізсе, Корея Республикасының Қа­зақ­стандағы Төтенше жә­не өкілетті елшісі Ку Хонг-сок: «Бұл көрме көп жүрекке жұ­баныш сыйлайды деп үміттенемін. Пандемиядан қа­жыған жандар үшін корей халқының ерекше түстерін бейнелейтін түр­лі киім­де­рі­­мен, дәстүрлі әше­кей­ле­рі және қолөнерімен та­ны­­суға тамаша мүмкіндік тууда. Алдағы уақытта Корея Республикасының елшілігі мен мәдени орталығы қызық­ты, та­нымдық іс-шаралар өт­кі­зуді жоспарлап отыр», деді.