Соның ішінде Тимирязев ауданы халқымен және активімен Мәдениет үйінде кездесті. Аудан әкімі Нұрлан Кеңесовтің қатысуымен өтен жиында аудандық полиция бөлімінің бастығы, майор Талғат Кенжетаевтың өткен жылғы жұмыс қорытындылары туралы баяндамасы тыңдалды.
Тимирязев ауданында 11 мыңнан астам халық тұрса, соның төрт ауылдан тұратын орталық ауылдық округінде 5 мыңдай адам тұрады. Полиция департаментінің бастығы мал ұрлығы, есірткі қылмыстары және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысын кеңінен жүргізу туралы тапсырма берді.
Осындай кездесу Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимское ауылында да өтті. Бұл аудан облыстағы ең ірі әрі ең шалғайдағы аудандардың бірі болып табылады. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Марат Әлжанов өзінің баяндамасында 2020 жылы 235 қылмыс тіркелгені туралыайтты. Қылмыс ашу деңгейі 90%. Кездесу аяқталғаннан кейін Тимирязев ауданындағы кездесудегідей ауданның қырағылық танытқан белсенді тұрғындарына
Алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, М.Төлебаев азаматтарды жеке қабылдады.
Полковник М.Төлебаев соңғы болып Мағжан Жұмабаев ауданына барды. Мұнда ол полиция бөлімінің азаматтарды қабылдауға арналған бөлмесін, сондай-ақ теміржол вокзалының маңында орналасқан учаскелік полиция пунктін аралады.
Полиция пунктінде күн сайын үш полиция офицері кезекшілік атқарады, учаскелік инспекторларға аудан орталығындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге 19 бейне бақылау камерасы көмектеседі екен. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковник Қайрат Бимендин баяндамасы тыңдалды.
Кездесу аяқталғаннан кейін бірден төрт аудан тұрғыны жеке қабылдауға жазылды. Екі сұрақ мектептен кейін және әскерден кейінгі қызметтен кейін ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу жөнінде болды, сондай-ақ ауылдық полицейлерге екі алғыс айтылды.
Соңғы екі айда СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев облыстағы он үш ауданның тоғызында осындай форматта кездесу өткізді. Бұндай іс-шаралардың басты міндеті – ашықтық, айқындық және жұмыстың сервистік моделі қағидаларын жүзеге асыру шеңберінде тәртіп сақшыларының жұмысы туралы халықтың пікірін зерделеу болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облысы