Видео • 18 Наурыз, 2021

«Елорда Наурызы - 2021» акциясы ұйымдастырылды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 17 наурыз күні алаңдар мен саябақтарда, қоғамдық орындарда «Елорда Наурызы - 2021» акциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елорда Наурызы - 2021» акциясы ұйымдастырылды

Акцияның мақсаты - Наурыз мейрамын насихаттау. 

Шара барысында насихатшы жастар тобы халықты Наурыз мейрамымен құттықтады. Наурыздың дәстүрлеріне, ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақ-жауап ойындарын өткізіп, белсене қатысқандарға құттықтау сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ жастар ел алдында өз өнерлерін паш етіп, оларды мемлекеттік тілде сөйлеуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, Наурыздың маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге, дәстүрлі мейрамды сезінуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Алматыға кіру ақылы бола ма?

Аймақтар • Бүгін, 11:34