Коронавирус • 18 Наурыз, 2021

Шығыс Қазақстанда 3 мыңнан астам адам вакцина салдырды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында вакцинацияның екінші кезеңі 4 наурызда басталып, жалпы саны 3114 адамға вакцина егілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда 3 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Дәрігерлерден кейін құқық қорғау органдарының өкілдері, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер мен журналистер егіледі. Бүгінгі таңда өңірге 10 мыңнан астам доза жеткізілген. 1 сәуірге дейін тағы 11 200 доза сатып алу жоспарланып отыр. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, тәулігіне вирус жұқтыру жағдайлары 20-дан аспайды. Жалпы пандемия басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысында 22 мыңнан астам адам СOVID-19 инфекциясына шалдыққан.

«Орынбасарым Шәкәрім Бұқтұғұтовқа он күн ішінде толықтай вакцинацияға дайындық туралы, термоконтейнерлер мен мұздатқыштардың саны жайлы есеп беруді тапсырамын. Сондай-ақ жағдайды талдап, күзде тұмауға қарсы қанша вакцина сатып алу керектігін анықтау қажет», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, иммундық плазманы дұрыс сақтауды қамтамасыз ету үшін Өскемен мен Семей қалаларындағы екі қан орталығына 20 мұздатқыш алынған.