Медицина • 18 Наурыз, 2021

Коронавирус Алматының денсаулық сақтау саласын қалай серпілтті?

146 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Былтыр дәл осы күндері қаланы айналдыра блок-бекеттер қойылып, Алматыны сан мыңдаған адамдардың тастай қашқаны белгілі. Содан бері не өзгерді?

Коронавирус Алматының денсаулық сақтау саласын қалай серпілтті?

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты қарсы күрес бойынша міндеттерді орындау үшін қала әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық басқармасы дағдарысқа қарсы бұрын-соңды болмаған іс-шаралар қабылдағаны тағы аян. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 43,1 млрд. теңге бөлінді.

КВИ пандемиясына қарсы күресте дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық басқармасы 11 000-нан астам заманауи медициналық құрал-жабдық сатып алды. Қаладағы барлық жұқпалы аурулар стационарларының реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері толық жабдықталды.

ӨЖЖ аппараттары, HiFLO жоғары ағынды оттегі терапия аппараттары, оттегі концентраторлары сатып алынды, КВИ-мен ауыратын науқастар үшін жеке операциялық блоктар ашылды.
БМСК деңгейінде 298 мобильді бригада құрылып, 948 қызметкер жұмыс істейді.

БМСК мақсаты – пациенттерді амбулаториялық деңгейде мониторингтеу, диагностикалау және емдеу.
КВИ мен пневмониядан болатын өлім-жітімді азайту және реанимациялық пациенттерді емдеу тиімділігін арттыру үшін Алматыда Анестезиология және реанимация мобильді орталығы құрылды. Жұқпалы аурулар ауруханалар деңгейінде тұрақты түрде жағдайы ауыр дәрежедегі науқастардың жай-күйіне мониторинг және өлім-жітім жағдайына байланысты талдау жүргізіледі. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде өлім-жітім көрсеткіші 2,5 есеге төмендеді.

Амбулаториялық науқастардың жағдайын, сондай-ақ пациенттердің карантиндік режимді сақтауын бақылау үшін қыркүйек айында Телемедицина орталығы құрылды. Телемедицина орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, 2020 жылы қараша айынан 2021 жылғы наурыз айына дейін 17 000-нан астам кіріс қоңырауы және 98 000-нан астам шығыс қоңыраулары қабылданды.

Жедел медициналық жәрдем қызметінде диспетчерлік қызмет күшейтіліп, заманауи реанимациялық жабдықтармен жарақтандырылған 135 арнайы қызмет машинасы сатып алынды. Осылайша, Алматыдағы ЖМЖҚ автопаркі 80%-ға жаңартылды және қазіргі уақытта қала тұрғындарының өмірін сақтап қалу үшін ең озық техникаға ие.

Диагностикалық бөлімшелер мен зертханаларда қамтамасыз етілді. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының медициналық ұйымдарына рентген аппараттары, компьютерлік және магнитті-резонансты томографтар, стационарлық және жылжымалы УДЗ аппараттары, электрокардиографтар, көптеген зертханалық жабдықтардың жеткізілді.
COVID-19 вирусын анықтауға ПТР-тестінің диагностикасы үшін балалар жұқпалы аурулар ауруханасының базасында Модульдік зертхана ашылды. Тәулігіне 5000-ға дейін ПТР-тест тексеріледі. Зертхана тәулік бойы жұмыс істейді.

COVID-19 вирусымен және пандемия кезеңінде 5000-нан астам медицина қызметкері жұмылдырылды.

Инфекциялық стационарларда кадр резерві қалыптастырылды, онда 2500-ден астам медицина қызметкері, оның ішінде 375 дәрігер, 1 582 орта медициналық персонал, 452 кіші медициналық персоналы мен еріктілер. Бүгінгі таңда қаланың барлық стационарлары білікті мамандармен толық қамтамасыз етілді.

Коронавирустық пандемия басталғаннан бері Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеп, «қауіпті аймақта» жұмыс істеген медициналық ұйымдарының қызметкерлеріне жалақыға үстемеақы төленді. 2020 жылдың 10 айы үшін үстемеақы төлеудің жалпы сомасы 16,7 млрд. теңгеден астам сомаға жүзеге асырылды.

CОVID-19 пандемиясы басталғаннан бір жыл өткен соң Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының медициналық ұйымдарында КВИ ғана емес, басқа да аурулары бар пациенттерді емдеуге арналған стационарлар, төсек орындары, мамандар және жабдықтар жеткілікті.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі тұрақты түрде Өңірлік коммуникация қызметімен бірге медицина қызметкерлерімен брифингтер өткізу, БАҚ-та жариялау үшін бейнетүсірілімдер мен сұхбаттарды ұйымдастыру, Басқарма мамандарын КВИ-мен күресу жұмыстары мен әдістерін түсіндіретін спикерлер дайындау және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес шеңберінде Алматы қаласының дәрігерлері үнемі ақпараттық жұмыстар жүргізіп, азаматтарды COVID-19 вирусынан қорғану үшін карантиндік ережелерді сақтауға шақырады.

Вирустық инфекция белгілері пайда болған жағдайда шұғыл түрде медицина маманының көмегіне жүгініңіз.