Медицина • 19 Наурыз, 2021

Шымкентте инсульт орталығы ашылды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен  №2 қалалық аурухана базасында  жоғары мамандандырылған инсульт орталығы мен ангиография бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Шымкентте  инсульт орталығы ашылды

Жаңадан ашылған орталықта медицина мамандары  Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарына шұғыл  медициналық көмек көрсетеді.

Заманауи медициналық құрал - жабдықтармен қамтылған орталық 30 орынға лайықталған.  Мұнда  соңғы үлгідегі экспресс - класты бипланды Philips Azurion 7 В20/15 ангиографиялық аппараты мен өкпені жасанды тыныстандыру, цифрлы ренген сынды инсульт ауруын емдеуге қажетті аппараттар орнатылған. 

Теңдесі жоқ құрылғылармен жұмыс істеу үшін  медицина мамандары шет елдерде біліктілігін арттырып келген.