Қаулыға сәйкес, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.
Бұдан басқа:
- азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлар (09.00-ден 17.00-ге дейін) жексенбі күндері жұмысын тоқтатады
- азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар (жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін) сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатады
- сауда үйлері мен орталықтары (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін) оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштар, гүлдерді сату дүкендерін, фотосалондарды, банктерді (банкоматтарды) қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатады
- азық-түлік емес дүкендері (бөлек орналасқан) жұмыс кестесі сағат 09.00 -ден 18.00-ге дейін
- қоғамдық тамақтану объектілерінде (9:00-ден 22.00-ге дейін, толтырылуы 30 орыннан артық емес) ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді
- барлық ойын-сауық объектілерінің (кинотеатрлардың, театрлардың, мәдениет объектілерінің (дайындық), банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караокенің, бильярдтың, компьютерлік және ойын клубтарының, батут орталықтарының, кальяндық, букмекерлік кеңселердің қызметіне, кейтерингтік қызметтер көрсетуге және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметіне тыйым салынады.
Аталған қаулы 20 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім саласындағы әріптестік дәнекері
Білім • Бүгін, 09:50
Жаңалығы жоғары бағаланған ғалым
Тұлға • Бүгін, 09:45
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Кәсіпкер • Бүгін, 09:35
G20: Аштық пен кедейлікке қарсы жаһандық альянс құрылады
Әлем • Бүгін, 09:30
Парламентаралық байланыстың байыпты жолы
Саясат • Бүгін, 09:25