Демалыс базасынан жеке көлігімен шыға алмаған азаматша дереу 112 жедел арнасына хабар берген. Жергілікті маңызы бар «Алтай-Чистые Ключи» жолында құтқарушылардың күшімен, жол талғамайтын көліктің көмегімен жолда тұрып қалған жолаушыларға көмек қолын созып, Алтайка ауылына дейін жеткізді. Олардың өмірі мен денсаулығына төнген еш қауіп жоқ.
Осы орайда ТЖД қызметкерлері қолайсыз ауа райы жағдайында елдімекеннен алыс шығуға болмайтынын еске салады.