Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткендер ұсталды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО полицейлері жыл басынан бері ЖКО орнынан кетіп қалған 24 жүргізушіні іздеп тапты, деп хабарлайды Еgemen.kz

Жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткендер ұсталды

Соның ішінде Караванная көшесінде жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған «Audi» көлігін арттан қатты келіп, айналып өтпек болғанда қатты соғып, өзі қашып кеткен «Toyota Alphard» автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Бейнежазбада бұзушының нөмірлік белгісін көру мүмкін болмаған, тек көліктің РФ тіркелгені белгілі болды. Әкімшілік өндірісті қамтамасыз ету үшін көліктің нөмірлік белгілері алынды. Енді ол жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны үшін және жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалғаны үшін айыпталады. Жүргізушіге айыппұлдар салынуы және басқару құқығынан 1 жылға дейін айырылуы мүмкін.