Медицина • 19 Наурыз, 2021

Алматыдағы ЖИТС орталығының зертханасы CDC сертификатын алды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдан бастап Алматы қалалық ЖИТС орталығының мамандандырылған медициналық зертханасы АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) ұйымдастырған  «Proficiency Testing Program for HIV-1 Viral Load using Dried Tube Specimen» сапаны сырттай бағалаудың халықаралық бағдарламасына қатысып келеді, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Алматыдағы ЖИТС орталығының зертханасы CDC сертификатын алды

Бағдарлама қатысушылары ұйымдастырушыдан АИТВ РНҚ концентрациясын өлшейтін үлгілерді алады. Содан кейін қатысушылар өлшеу нәтижелерін және дәлдігін бағалайтын ұйымдастырушы қауымға жібереді. Өлшеу дәлдігі бойынша жоғары көрсеткішке жеткен қатысушыға CDC «Үздік орындағаны үшін» (For Outstanding Performance) сертификаты беріледі. Өзінің алғашқы қатысуының қорытындысы бойынша Алматы қалалық ЖИТС орталығы АИТВ-ның вирустық жүктемесіне зерттеулердің жоғары дәлдігін растайтын сертификат алды.

Вирустық жүктеме (ВЖ) – АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеудегі ең маңызды көрсеткіш. ВЖ деңгейі пациенттің денесіндегі вирустың белсенділігін көрсетеді. Қазіргі антиретровирустық терапия вирустың көбеюін (репликациясын) толығымен басуға мүмкіндік береді. Алайда, пациент бұған тағайындалған емдеу режимін сақтаған жағдайда ғана қол жеткізе алады. Антиретровирустық терапияның сәттілігі немесе сәтсіздігі ЛЖВ қанындағы АИТВ РНҚ концентрациясын өлшейтін зертханалық зерттеулермен анықталады. Сандық талдау полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен жүргізіледі. Сонымен қатар, ПТР зерттеулерінің дәлдігі өте маңызды, өйткені алынған нәтижелерге сүйене отырып, емдеуші дәрігер емдеу режимін жалғастыру немесе өзгерту туралы шешім қабылдайды.