23 наурыз бен 1 мамыр аралығындағы шектеу үшін «Қазақавтожол» ЖШС филиалы тиісті тыйым салу белгілерін орнатады. Бұл шектеулер жыл сайынғы көктемгі су тасқынымен және тас жолдардың конструктивтік элементтерінің көтеру қабілетінің төмендеуімен байланысты.
Бұл шектеу төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, автокөліктерге қатысы жоқ.
Бұдан былай ауыр жүк таситын жүргізушілер енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарды құру кезінде мұқият болу керек.