Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

25 жасар азаматша 2 жылдан бері интернет-алаяқтықпен айналысып келген

75 рет көрсетілді

Тараз қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімі 25 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты интернет-алаяқтықтың 36 дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алаяқ азаматша екі жыл бойы интернет-ресурстарды, дәлірек айтқанда, өзінің «Instagram» желісіндегі парақшасын пайдалана отырып, әйелдер киімін сату сылтауымен сатып алушылардың ақшалай қаражатын заңсыз иемденіп келген.

Алаяқтықтың құрбандары көбіне Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларының және басқа да өңірлердің тұрғындары болып табылады.

Тараз қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Үсен Смайыловтың кәсіби біліктілігінің нәтижесінде қысқа мерзімде жоғарыда аталған азаматшаның алдауына кейбір азаматтардың қатыстылығын растайтын жеткілікті айғақтар жиналған.

«Интернет желісіндегі күдікті алаяқтың әрекеттері ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сараланған. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейді.

Соңғы жаңалықтар

Шыңғыстаудың Шәкірі

Әдебиет • Кеше

Жаны ізгі журналист

Егемен Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар