Солтүстік Қазақстан облысының аумағы арқылы өтетін халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарға «Қазақавтодор» ЖШС қызмет көрсетеді. Олар күн сайын қар тазалайтын 60 техника шығарады. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау «Петропавл жолдары» ЖШС міндеті. Олар 3 қосалқы мердігер ұйымнан 114 техника жол тазалауға шығарады. Петропавлдың көше-жол желісіне 22 коммуналдық ұйым қарайды. Биыл олар күн сайын 500-ге дейін техника шығарды. Қаланың көлік жүретін жолдарын тазалап үлгеріп тұрды, енді кәсіпорындар тротуарларды тазартуға көшті.
Алайда жол күтуде қанағаттанарлық жұмыс істемеген Солтүстік Қазақстан облысының 60 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды. «Қардың уақтылы шығарылмауынан болған жүру бөлігінің тарылуы, қатқан мұз бен нығыздалған қар, көктайғақ — жол-көлік оқиғаларын арттыратын факторлар», дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы Жол және техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Назар Байматов.