Елбасы • 21 Наурыз, 2021

Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz  Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қымбатты қазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Көктемгі күн мен түннің теңелуі – бүкіл қазақстандықтар асыға күтетін және ерекше атап өтетін айтулы мереке.

Халқымыздың ұлы мәдениеті, бай салт-дәстүрі көрініс тапқан Наурыз мейрамы Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерін ұйыстырады.

Тәуелсіздік жылдары бұл мереке ел бірлігінің жарқын символына айналды. Ол татулық, тұрақтылық  және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің үйлесімді дамуының іргетасы әрі зор жеңістерінің кепілі екенін айғақтайды.

Біз Тәуелсіздіктің осы негізгі құндылықтарын көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай нығайтуға тиіспіз. Қазақстандықтар бұл міндетті абыроймен атқарып келе жатыр. Алдағы уақытта да солай боларына кәміл сенемін.

Осы шуақты мерекеде Отанымыз – Қазақстан Республикасына шын жүректен тыныштық пен бақ-береке тілеймін.

Әрдайым шаңырақтарыңыздан ырыс пен ынтымақ, игілік пен молшылық кетпесін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50