Аймақтар • 21 Наурыз, 2021

Алматыда мониторингтік топ үйлену тойын тоқтатты

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы мониторингтік топ қазіргі күнде белсенді жұмыс істеуге көшті. Қалада санитарлық талаптардың сақталуын тексеретін 32 мониторингтік топ бар.

Алматыда мониторингтік топ үйлену тойын тоқтатты

20 наурыз күні Достық даңғылы 52/2 мекен-жайы бойынша Қазақстан қонақ үйінің «Гранд Палас» залында үйлену тойы өткізілгені анықталды. Залда шамамен 120 адам болған.

Алматы қаласының әкімдігі эпидемиялық ахуал тұрғысынан қаланың «қызыл аймақта» тұрғанын еске салады. Өткен тәулікте мегаполисте коронавирусты инфекция жұқтырған 437 науқас анықталды. Бұл соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткіш.

Қалада эпидемияның таралуы күн сайын артып келеді. Коронавирустың таралуын одан әрі ушықтырмас үшін, тұрғындарға вирусқа қарсы ережелерді қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салынды.

Соңғы жаңалықтар