Қазақстан • 21 Наурыз, 2021

Ұлттық тағам өнімдерін дайындау

1388 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақ ұлттық тағам өнімдерін – негізін мал шаруашылығының өнімдері: ет, сүт, десерттер, пісірілген нан өнімдері, сусындар құрайды. Деликатес тағамдарды, негізінен, жылқы етінен жасайды – қазы, шұжық, жал, жая, қарта және т.б. Нан өнімдердің ішінен ең танымалдысы - бауырсақ. Жалпы, ұлттық тағамдарды дайындау мен сату табысты бизнес түріне жатады.

Ұлттық тағам өнімдерін дайындау

Дайындау әдісі. Қазақ ұлттық тағамдарының десерті - жент, талқан, балқаймақ және т.б.

Жент. Оны дайындау үшін 1 килә жентке  – 500 гр тары, 400 гр ірімшік, 200 гр қант, 50 гр ас қасық кептірілген жүзім, 200 гр сары май керек. Ірімшік пен тарыны келіде жаяды. Қоспаны қант пен кептірілген жүзіммен араластырады, сары май қосып, қатқанша суытады. Дайын жентті өткір пышақпен кеседі.

Талқан. Талқанды пісірілген және тазартылған тары, бидай мен жүгері қосып, келіде жайып, елеуіштен өткізеді. Сары маймен пісіру үшін 100 гр тары, 100 гр сары май керек.  Дайын талқанды сары маймен сіңгенше араластыру керек. Талқанға – қаймақ, сүт, сорпа, су, шикі жұмыртқа араластырылады.

Балқаймақ. Терең таба немесе қазанға қаймақ құйып, бетінде майы пайда болғанға дейін араластырып, қайнатады. Қаймақты қайнатқан кезде, бал не қант қосуға болады. Одан кейін қаймаққа ұн қосып, жақсылап араластырып, тағы 10 минут қайнатамыз. Ыстық күйінде асқа пайдаланады.

Дайындау технологиясы. Біріншіден - тағамдар негізінен ет сорпасы және сүт өнімдердің қосылуымен дайындалады. Тарыны сары май мен маргаринға пісіру керек. Бұл әдіс  тарының дәмін келтіреді.

Еттен жасалатын  тағамдарды (қой, сиыр, жылқы, түйе, қарақұйрық, құс еті) дайындағанда. көкөніс, тары, ұн өнімдерін араластырылады немесе таза күйінде – кәуап жасайды. Ұнды пайдаланғанда оның жоғары сорты қажет. Ұн тағамдарын дайындағанда, оған сүт, қаймақ, қатық, май, жұмыртқа, қант, су, хош иісті және бояғыш заттар қолданылады.

Жылқы етінен өнімдер дайындау үшін (қазы, шұжық, жая, жал, қарта) салқындатылған ет, майсыз түзу ішек,  ас тұзы,  қара бұрыш т.б. қолданылады.

Сату. Ең тиімді әдіс – мейрамханалар мен дәмханалармен келісім-шартқа тұру.

Болжамды есептеулер.

Шығын:

Жент үшін - 1 кило талқан (ұсақталған тары) = 400 теңге., 200 гр қант, 500 гр сары май = 500 теңге., дәміне қарай жүзім мен казинак қосуға болады.

Балқаймақ үшін - 1 литр қаймақ, бидай ұны, бал мен қант, дәміне қарай тұз... – 700 теңге.  Барлығы: 1 600 теңге.

Табыс:

1 кило жент = 1 200 теңге, аптасына 10 килә сатылса, 10 кило х 1000 теңге = 12 000 теңге, айына 12 000 теңге  х 30 күн = 360 000 теңге.

1 кило балқаймақ = 1 000 теңге, аптасына 10 кило сатылса, онда 10 кило х 1 000 теңге = 10 000 теңге, айына 10 000 теңге х 30 күн = 300 000 теңге. Барлығы: 660 000 теңге.