Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшинмен бірге ПТР-зерттеулер жүргізілетін зертханалардың басшыларымен онлайн кеңес өткізді.
Кеңес барысында қала тұрғындарының коронавирустық инфекцияға ПТР-диагностикасын жүргізу мәселелері қаралып, қолда бар резервтер мен зерттеулер ауқымын ұлғайту дайындығы туралы ақпарат тыңдалды.
Бұған дейін қала тұрғындарының ПТР-тестерге деген сұранысы 4 мыңды құраса, эпидемиялық жағдайдың ушығуын ескере отырып, жүргізілетін зерттеулердің тәуліктік көлемі 8 мыңға дейін көбейгені атап өтілді.
Ержан Бабақұмаров қала зертханаларының алдында таяу күндері ПТР-тестілеуді өткізудің жалпы қуатын тәулігіне ағымдағы 14,2 мыңнан 25 мыңға дейін арттыруға дайындығын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жұмылдыру және қабылдау міндеті тұрғанын атап өтті. Ол үшін зертханалық топтардың санын арттыру, сондай-ақ екі ауысымды режимді енгізу арқылы үздіксіз жұмысты құру тапсырмалары берілді. Сондай-ақ, қалада эпидемиялық жағдайдың ушығуы және қала аумағында COVID-19 жаңа штаммының таралуы жалғасқан жағдайда, жүргізіліп жатқан зерттеулер көлемін одан әрі 35 мыңға дейін арттыру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.
Өз кезегінде, қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ж. Бекшин зертхана басшылығының назарын жинау пункттерінде дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.
Жалпы, бүгінгі таңда қала аумағында орналасқан зертханаларда 1,1 млн тест жүргізілген, оның ішінде 30 мыңы оң нәтиже көрсеткен.
Соңғы тәулікте мегаполисте КВИ жұқтырудың 410 жағдайы тіркелді. Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын карантин шараларының - әлеуметтік қашықтықтың, бетперде режимінің сақталуын күшейтуге, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе, созылмалы аурулардан зардап шегетін және 65 жастан асқан тәуекел тобындағы адамдарға барудан бас тартуға шақырады.
COVID-19-ға зерттеуді жүзеге асыратын ПТР зертханалардың тізімі:
1. Алматы қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы, Медеу ауданы Жібек Жолы көшесі, 3; (nce_almaty@mail.ru), тел. 3823565;
2. «КДЛ ОЛИМП» ЖШС, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 83, Ofis.almaty@kdlolimp.kz;
3. Алматы қ. «INVITRO» - Қонаев к-сі, 32 infokz@invitro.kz, тел. 2585888;
4. «Alatau Clinic» ЖШС - Талды Арал к-сі, 2; alatau clinic@mail.ru, тел. 3391726;
5. «El Lab PCR» ЖШС - Қарғалы ықш., Кенесары хан көшесі, 61А, El-lab.pcr@mail.ru, тел. 3646464;
6. «Аква Лаб» ЖШС - Сейфуллин көшесі, 287, эл.пошта Overkom911@rambler.ru, тел. 3467676;
7. «Приват клиник Алматы» ЖШС - Мирас көшесі, 45, elene-serg@yandex.ru, тел. 87017837937;
8. «Гамма Лаб» ЖШС - Ходжанов к-сі, 55А , info@gammalab.kz, тел. 3131737;
9. «Innosol» ЖШС - Қазыбек би к-сі, 96; эл.пошта a.bolatbekova@innosol.kz;
10. Алатау ауданы ҚБЖАА ПТР бөлімі, Теректі ш.а, Ташкент тракті, 541, эл.пошта atakentmodyl20@mail.ru;
11. «Нур-лаб-2030» ЖШС - Беспақов көшесі, 60 Б, эл.пошта Nur.lab@bk.ru, тел. 87076950244;
12. «Медицина 100+» - Әшімов к-сі, 1К, эл.пошта ilab_kz@mail.ru, 8707663387;
13. М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО - Түрксіб ауданы, Қапал көшесі, 14; эл.пошта nti72@mail.ru , тел. 2233821;
14. «КасМед» ЖШС - Байқадамов к-сі, 5, эл.пошта ironchess@mail.ru, тел. 3440303;
15. Medical Partners Korea Qazaqstan - “Нурлытау” БО, info@mpk.kz, тел. 3554100;
16. «Биотехнология ұлттық орталығы» ЖШС, Түрксіб ауданы Қапал көшесі, 14;
17. Иммунотест” ЖШС - Ғабдуллин к-сі, 24, эл.пошта immunotest@mail.ru , тел. 2922289;
18. SMLAB ЖШС - Шагабутдинов к-сі, 169, эл.пошта Baimoldaeva.zh@sapalab.com;
19. МИПО емханасы ЖШС - Торайғыров к-сі, 49/1, mipoclinic@mail.ru, тел. 3397002.