Елорда • 23 Наурыз, 2021

Нұр-Сұлтан әуежайында бірнеше рейс тоқтатылды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты бір әуе рейс тоқтатылып, тағы бір рейс қосалқы әуежайға жіберілген, деп хабарлайды Egemen.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан әуежайында бірнеше рейс тоқтатылды

Сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі үшін әуе кемелерін мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеу жүргізудің мүмкін еместігіне байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келіп-кететін ұшақ рейстері кешігіп жатыр.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» әуе рейсі тоқтатылды. Сағат 11:00-ден 15:00 аралығындағы дауылды ескертуге байланысты жел 12 м/с дейін күшейіп, екпіні 17 м/с дейін жетеді деп болжанған. Одан өзге қосалқы әуежай Алматыға «Шымкент-Нұр-Сұлтан» рейсі жіберілді», деді әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.