Әлем • 23 Наурыз, 2021

Ресейде әскери экипаждың үш мүшесі қаза тапты

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Калуга қаласындағы аэродромда Ту-22М3 ұшағының катапульт жүйесі кенет іске қосылуы салдарынан экипаждың үш мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейде әскери экипаждың үш мүшесі қаза тапты

23 наурызда жердегі Ту-22М3 ұшағын жоспарлы ұшуға дайындау барысында қозғалтқышты іске қосу кезінде катапульт жүйесі штаттан тыс іске қосылған.

«Өте биік болмағандықтан парашют толық ашылмай экипаждың үш мүшесі қону кезінде ауыр жарақат алған. Олардың арасында инструктор орнында отырған полк командирі де бар», деді Қорғаныс министрлігінен.

Ведомство үш әскери қызметкердің қаза болғанын растады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін аэродромға Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің комиссиясы жіберілді.

Ту-22М – қашыққа зымыран алып ұшатын бомбалаушы ұшақтар тобы, олар қанатының геометриясын өзгерте алады.

Соңғы жаңалықтар