Аймақтар • 23 Наурыз, 2021

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, 132 адам эвакуацияланды

65 рет көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 19:37-де «101» нөміріне Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесі, 225 мекенжайындағы тұрғын үйде өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түскен, деп хабарлайды Egemen.kz

Бес қабатты тұрғын үй бұрын жатақхана болған, бір ғана кіреберісі бар, ұзын дәлізді ғимарат. Жалын екінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетті. Олар баспалдақты қолданып, екі адамды қою түтіннің ішінен алып шықты. Тағы 132 адам, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Ал 20 минуттың ішінде жалынды ауыздықтап, сағат 20:21-де толық сөндірді. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 31 маманы күресіп, 9 техника жұмыс істеді. Әзірге өрттің неден шыққаны және шығын мөлшері белгісіз.

Соңғы жаңалықтар

Бас бәйге – 5 миллион теңге

Спорт • Бүгін, 07:50

Қазақстан – 4-себетте

Спорт • Бүгін, 07:49

Жерлестеріміз жеңіске жетті

Теннис • Бүгін, 07:47

Егіздер шеруі

Қоғам • Бүгін, 07:43

Толған ортаның толғамы

Қоғам • Бүгін, 07:35

Необанк не банк?

Қаржы • Бүгін, 07:33

Қаржының қайтарымы бола ма?

Саясат • Бүгін, 07:28

Кандидаттың шығыны өтеледі

Саясат • Бүгін, 07:27

Бірлігімізге сызат түспесін

Қазақстан • Бүгін, 07:25

Саяси дода басталды

Саясат • Кеше

Ұқсас жаңалықтар