Аймақтар • 24 Наурыз, 2021

Жармалықтар әз-Наурызды ерекше тойлады

634 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыстың ұлы күнін Жарма ауданының халқы ерекше тойлады. Концерттік бағдарламалармен қатар, қазақтың салт-жоралғыларынан театрланған көрініс қойылды, күймеге мінген Қыдыр ата ауылды аралап, халыққа сыйлық таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жармалықтар әз-Наурызды ерекше тойлады

«Ұрпақ азбасын, дәстүр тозбасын» тақырыбы аясында өткізілген түрлі сайыстарда жеңімпаз болған ауылдық округтердің белсенді қатысушылары салтанатты түрде марапатталды.

Бұл күні аудан басшылығы халыққа наурыз көже үлестірді. Аудан орталығында Қыдыр ата, Наурыз аруы ақ күймемен ауыл көшелерін аралап, тұрғындарды құттықтаса, есекке мінген ертегі кейіпкерлері көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әлбетте, елдегі эпидемиялық ахуалға байланысты санитарлық талаптар қатаң сақталды.