«Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым.
Осы қаралы күнде қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Сіздерге және барша Әмірліктер халқына көңіл айтамын.
Шейх Хамдан өзінің саналы ғұмырын халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Ол Біріккен Араб Әмірліктері құрылған уақыттан бері жауапты лауазымдарды атқарып, мемлекеттің гүлденуіне қосқан елеулі үлесі арқылы ел тарихында өшпес із қалдырған Отанының көрнекті перзенті. Сондықтан оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінен өшпес орын алатынына сенімдімін», делінген жеделхаттарда.