Коронавирус • 25 Наурыз, 2021

Еліміздің тағы бір облысы «қызыл» аймаққа кірді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің тағы бір облысы «қызыл» аймаққа кірді

Мәліметке сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр. «Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан. Ал қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

Еске сала кетейік, кеше үш облыс «қызыл» аймақта тұрғанын хабарлаған едік, бүгін бұл қатарға Атырау облысы қосылды.