Қазақстан • 25 Наурыз, 2021

Экологиялық журналистика бойынша оқыту курстары аяқталды

17 рет көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған экологиялық журналистика бойынша оқыту курстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бес күн ішінде курсқа қатысушыларға БАҚ-та экологиялық мәселелерді жария ету, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу, қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша өзекті тақырыптар түсіндірілді.

Қатысушылар университет кампусы бойынша экотурға, зертханалық сабақтарға қатысуға, сондай-ақ биомұражайға, жасыл технологиялар аймағына барды.

Курстар 50-ден астам БАҚ («Қазақстан» РТРК» АҚ, «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ, «Nur-Media» медиа холдингі, ORDA.KZ ақпараттық-талдамалы порталы, ОРТ Қазақстан – Еуразия және басқалар) және азаматтық сектор өкілдерін қамтыды. Курс соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Іс-шараға Қазақстандағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі - Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының өкілі Сергей Карпов қатысты.

Дәріскерлер ретінде саяси ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Сұлтанбаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тұрсынқұл Базарбаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы Лариса Нода, Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрағасы Лаура Маликова және басқалар сөз сөйледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасында Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумның негізгі мақсаты экология саласында маманданған салалық журналистерді даярлау.

Соңғы жаңалықтар

Ақыл алыбы

Руханият • Кеше

Шығыстанудың биік шынары

Әйел әлемі • Кеше

Бейқамдық белең алып тұр

Коронавирус • Кеше

Үлкен қалада адасу

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар