Аймақтар • 25 Наурыз, 2021

Петропавлда тағы бір көпқабатты үйден өрт шықты

1216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең Петропавлдың Назарбаев көшесіндегі  221 үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Петропавлда тағы бір көпқабатты үйден өрт шықты

Осыдан екі күн ғана бұрын осы жердегі басқа үйден де өрт шыққан. Бұлардың бәрі де бұрын жатақхана болған ғимараттар. Бұл жолғы өрт үйдің бірінші қабатындағы қонақүйдің жертөлесінде орналасқан саунадан шығыпты. Қонақ үйден екі адам эвакуацияланған. Ғимараттан 50 литрлік газ балоны шығарылып, зарарсыздандырылды. Егер ол жарылған болса зардап шегушілердің саны бірнеше ондаған адам болар еді.

Өрт сөндіру таңертеңгі 09.46-да басталып, 10.25 минутта аяқталды. Оған 29 адам мен 6 техника қатыстырылған. Зардап шегушілер жоқ.

Қазір өрттің шығу себептері мен келтірілген зияны анықталуда.