Коронавирус • 25 Наурыз, 2021

Алматыда індеттен 11 адам көз жұмды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыздың соңғы онкүндігінде Алматыдағы эпидемиялық ахуал нашарлап, індеттің белең алып тұрғаны баршаға аян. Сондықтан мереке, демалыс демей, қаланың денсаулық сақтау басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметі, мониторингтік бақылау топтары тынымсыз әрекет етіп отыр, деп хабарлайды Еgemen.kz

Алматыда індеттен 11 адам көз жұмды

Дегенмен, мегаполисте індеттің өршуіне, вакцинацияға байланысты, алып-қашты әңгіме жеткілікті болғандықтан, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқармасының өкілі, телемедицина Орталығының директоры Лаура Мырзағали БАҚ өкілдерінің бірқатар сауалдарына жауап беріп, дақпырт сөздерді сейілтуге ұмтылды.

45

Соңғы тәуліктегі, яғни 25 наурыздағы таңғы мәліметтерге сәйкес, Алматыда КВИ жұқтырған 2246 сырқат емделіп жатыр. Бұл іске 15 медициналық мекеме жұмылдырылған. Ал жансақтау бөлімдерінде 118 науқас жатса, оның ішінде 10 адамның жағдайы өте ауыр деуге болады. Және бұл сырқаттардың барлығы дерлік жасы 70-тен асқан үлкен кісілер. Сол сияқты соңғы тәулікте қала ауруханаларына КВИ жұқтырған 238 адам келіп түскен, бұл аздап болса да індеттің бәсеңсігенін байқатады. Дәл мереке, яғни 22  наурызда сырқаттанғандар саны 410 адамға жеткен болатын.

– Ал індеттен көз жұмған 11 адамға келетін болсақ, олардың жасы 70, 80, 90 жастан асқан кісілер. Өкінішке орай, кейбір адамдар өздерінің денсаулықтарына соншалықты салғырт қарайды. Ауруы асқынып, әбден дәрмені қалмаған кезде ғана дәрігерге жүгінеді, дейді Лаура Мырзағали.