Спорт • 26 Наурыз, 2021

Қазақстан чемпионатында әскери бағдарлаушылардың қоржыны 16 медальмен толықты

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушылары Щучинск қаласында өткен шаңғымен спорттық бағдарлаудан ел біріншілігінде жеті алтын, алты күміс пен үш қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан чемпионатында әскери бағдарлаушылардың қоржыны 16 медальмен толықты

Жарыс бағдарламасына спринт, эстафета, орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру сынды төрт спорттық пән кірді.

Атап айтсақ, әйелдер арасында орта қашықтықта Әсем Назырова жеңіс тұғырынан көрінді. Күміс жүлделер ефрейтор Дмитрий Адамович пен лейтенант Эльмира Молдашеваға бұйырды. Ефрейтор Азат Назыров пен сержант Мария Власова қола жүлдегер атанды.

Ұзақ қашықтыққа жүгіруден де армия спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Алтын медаль ефрейтор Дмитрий Адамович пен Әсем Назырованың қоржынында, ал ерлер арасындағы «күміс» жүлде ефрейтор Азат Назыровтың еншісінде.

Эстафета сайысында ефрейтор Дмитрий Адамович пен Әсем Назырова чемпион атанып, ефрейтор Азат Назыров пен лейтенант Эльмира Молдашева күміс медальге ие болды. Сержант Мария Власова қола жүлдені еншіледі.

Спорттың жарыстың «спринт» пәні бойынша алтын медальді ефрейтор Дмитрий Адамович пен Әсем Назырова жеңіп алды, күміс медаль лейтенант Эльмира Молдашеваға бұйырды.