Қазақстан қор биржасы мәліметінше, бүгін таңертең ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 424,43 теңге болды. Кешегі бағаммен салыстырғанда 0,98 теңгеге қымбаттаған.
Ұлттық банктің 26 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 423,36 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 424,70 теңгеге сатылса, ал сатып алу 423,20 теңге болып тұр. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 424,54 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 423,34 теңге.