Коронавирус • 26 Наурыз, 2021

Алматыда коронавируспен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысы өтті

175 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санэпидбақылау, медфармбақылау аумақтық департаменттері мамандарының қатысуымен КВИ-мен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Алматыда коронавируспен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысы өтті

Министр өз сөзінде қаладағы эпидемиялық ахуалды бақылаудың жеткіліксіздігін тілге тиек етті. Осылайша, А. Цой Алматы медициналық активінің алдына бірқатар маңызды міндет қойды, оларды қысқа мерзімде шешу қажеттігі де айтылды.

Атап айтқанда, резервтік ауруханалардың қуаттылығын арттыру, КВИ таралуының алгоритмін әзірлеу, шаһардағы ересек халықты вакцинамен барынша қамту үшін вакциналардың қосымша көлемін жеткізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

Министр алғашқы медициналық-санитарлық көмек, науқастармен байланысқа түскен адамдарды дер кезінде қалалық емхана деңгейінде анықтау, тексеру және бақылау шараларын жүзеге асыруға баса назар аударды. Ол коронавирустың таралу ошақтарын уақытылы зерттеудің маңыздылығын атап өтіп, КВИ жағдайларының бақылаусыз өсуіне себеп болуы мүмкін екендігіне екпін берді. Кездесу барысында науқастармен байланыста болған адамдарды уақытылы анықтау, олардың денсаулық жағдайын бақылау және мониторинг жүргізу қажетті айтылды.

Сондай-ақ мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін арттыру және карантиндік шараларды бұзушыларға уақтылы шаралар қабылдау қажет.

Алдағы уақытта келіп түсетін вакцина көлемінің ұлғаюын ескере отырып, вакцинациялауға арналған контингентті және вакцинация пункттерінің жеткіліксіздігін болдырмау, көшпелі егу бригадаларын ұйымдастыру үшін тоңазытқыш жабдығымен қамтамасыз етуді бақылау талап етіледі.

Соңғы екі аптада Алматыда эпидемиялық ахуалдың нашарлауы байқалды, науқастанушылардың саны 2,7 есеге өсті. Сонымен қатар жағдайы ауыр науқастардың ең көп үлесі алғашқы тәулікте тіркелді, бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың деңгейіндегі жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді.

Жалпы КВИ-ге қарсы күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысының қорытындысы бойынша министр А. Цой шектеу шараларын қатаң сақтауды қоса алғанда, барлық бағыттар бойынша инфекцияны оқшаулау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

25 наурыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында COVID-19 оң нәтижесімен 31 307 науқас және COVID-19 (ПТР -) 5 498 ықтимал жағдайы тіркелген. 559 өлім жағдайы тіркелді (452 КВИ+, 107 КВИ-).

Соңғы 7 күн ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ+ сырқаттанушылық көрсеткіші-141,0 құрады, RT репродуктивті саны 1,11 құрады. Соңғы тәулікте КВИ+ 341 жағдайы тіркелді, өсім 1,1 құрады.

Өткен аптада (18 наурыздан 24 наурызға дейін) алдыңғы аптамен салыстырғанда (11 наурыздан 17 наурызға дейін) аурудың 1,3 есе өсуі байқалады (2 033-тен 2 659 жағдайға дейін).

Аурудың ең жоғары көрсеткіші Бостандық, Әуезов, Медеу және Наурызбай аудандарында тіркелді.