Автордың айтуынша, Головкин қазіргі қаржылық жағдайына Канелоның арқасында жетіп отыр, өйткені онымен болған жекпе-жекке алған қаламақысы табысының басым бөлігін құрайды. Головкин тартысқа толы екі айқаста жалпы табыстың 90 пайызын алған. Кейбір дереккөздер бойынша бүгінде GGG-дің жинаған қоры – 30-35 млн долларға жуықтайды. Салыстырмалы түрде алғанда, Альвареске Авни Йылдырыммен өткізген соңғы жекпе-жегі үшін 20 млн доллар берілді. Сондай-ақ Каллум Смитпен өткізген шаршы алаңдағы ұрысында да дәл сондай сомада сыйақы табысталды.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, тең есеппен аяқталды. Десе де, қарымта айқаста төрешілердің басым даусымен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Енді екі былғары қолғап шеберлерінің «Трилогиясы» қашан болатыны белгісіз.