Аймақтар • 28 Наурыз, 2021

ШҚО-дағы су басу қаупі төнген аймақтарға арнайы техника мен әскерилер жеткізілді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі басым аймақтарға ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы бойынша 52859 әскери бөлімінен арнайы мамандар жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-дағы су басу қаупі төнген аймақтарға арнайы техника мен әскерилер жеткізілді

«2021 жылдың 28 наурызында Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны орын ала қалса, жедел әрекет ету мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы бойынша 52859 әскери бөлімінен механикаландырылған жиынтық жасақтан 8 бірлік техника, 4 жүзу құралы мен 10 тасымалды мотопомпа, жеке құрамның 50 адамынан тұратын күштер мен құралдар келді» делінген хабарламада.

Аталмыш топ бірнеше су басу қаупі бар учаскелерге бөлініп, Көкпекті ауданының Самар ауылы және Алтай аудандарында орналасатын болады. Жасақ ТЖ жою басшысының жедел бағынысына өтетін болады.