Қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, қала әкімі вакцинация пункттері тек емханаларда ғана емес, ірі сауда орталықтарында да ашылатынын айтты. Мобильді пунктердің жұмысы да ұйымдастырылады.
Б. Сағынтаев қала тұрғындарын ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына және бұрынғы қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беретін вакцинацияны қолдауға шақырды.
«Өзіңізді КВИ-ден қорғаудың жалғыз сенімді тәсілі – вакцинация. Сәуір айында вакцина дозаларының жаңа жеткізілуін күтеміз. Қала тұрғындарының санын ескере отырып, 65 мың доза вакцинаның белгілі бір лимиті көбейтіледі» деген Б. Сағынтаев халықты жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші жартысына жоспарланғанын айтты.
Вакцинация ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен алгоритм бойынша жүзеге асырылады. Үш кезең анықталды, оған сәйкес бірінші кезекте дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім беру және қауіпті топтарға жататын азаматтар - созылмалы аурулармен есепте тұрған адамдарға вакцина салынады.