Спорт • 29 Наурыз, 2021

Алғашқы ұмтылыс нәтижесіз аяқталды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швецияның бас шаһары – Стокгольмде жалауы желбіреген мәнерлеп сырға­наудан әлем чемпионатының кезекті жа­рыс күні мәресіне жетті.

Алғашқы ұмтылыс нәтижесіз аяқталды

Жаһандық доданың екінші күнінде ер спортшылар қысқа бағдарлама бойынша үздіктерді анықтады. Бұл сында ел намысын Қазақстан кубогында топ жарып, Болгариядағы Sofia Trophy 2021 халықаралық турнирінде қола жүлде еншілеген Михаил Шайдаров қорғады. Отандасымыз алғаш рет әлем чемпионатына қатысқан соң ба, нәтижесі жанкүйерлерді қуанта қойған жоқ. Еркін бағдарламада 59.14 ұпай жинаған ол әлем біріншілігін 32-орынмен аяқтады.

Ал бұл жарыста АҚШ спортшысы Натан Чанның мерейі үстем болды. 320.88 ұпай олжалаған Чан үш дүркін әлем чемпионы атанды. 17 жастағы жапониялық Юма Кагияма (291.77) күміспен күптелсе, тағы бір жапониялық Юдзуру Ханю 289.18 ұпаймен қола жүлдені қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар