Теннис • 29 Наурыз, 2021

Рыбакина мен Бублик – үшінші айналымда

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері АҚШ-тың Флорида штатында өтіп жатқан теннистен Майами WTA 1000 жарысы өзінің шарықтау шегіне жақындап келеді. Халықаралық аса ірі додада бақ сынаған бес отан­дасы­мыздың тек екеуі ғана 1/16 финал­ға жол­дама алды.

Рыбакина мен Бублик – үшінші айналымда

Мәселен, ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик аталған турнирдің екінші айналымында рейтингте 57-орында тұрған сербиялық Ласло Дьеремен кездесіп, екі сетте 6:3, 6;4 нәтижесімен жеңіске жетті. Енді Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 104-ракеткасы аустралиялық Джеймс Даквортпен ойнайды.

Сонымен қатар қыздар арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбаки­на да үшінші айналымға шықты. Осы дода­ның 21-ракеткасы болып тіркелген ол дүние­жүзілік рейтингте 64-сатыға жайғасқан эстониялық тәжірибелі теннисші Кайя Кане­пиді еш қиындықсыз екі сетте 6:4, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Рыбакина плей-офф кезеңіне шығу үшін әлемнің 58-ракеткасы испаниялық Сара Соррибес-Тормомен шеберлік байқасады.

Өкінішке қарай, алғашқы айналымда әйгілі Винус Уильямсты жеңген Зарина Диас екінші кезеңде швейцариялық Белинда Бенчичтен, ал Михаил Кукушкин ресейлік Аслан Карацевтен жеңіліп, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар