«ОЭСК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, мерт болған адамның тұрақты мекенжайы жоқ. 28 наурыз күні сағат 13:11 кезінде Космическая көшесінің тұрғындары электрмен жабдықтаушы кәсіпорынға хабарласып, жарық сөніп қалғанын айтқан. Оқиға орнына келген шұғыл бригада трансформатор дүңгіршегінен бейтаныс адамның денесін тапты.
«Электр қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, тоғы бар желіге жанасуынан азаматты ток ұрып, көз жұмған. Болған жағдай негізінде тиісті сараптама жасалып жатыр», деп мәлім етті «ОЭСК» компаниясының баспасөз қызметі.