Қазақстан • 29 Наурыз, 2021

Қазақстанда бір аптада 2 862 қылмыс жасалған

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онлайн режімдегі брифингіде Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткен аптада ел аумағында 2 862 қылмыс жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда бір аптада 2 862 қылмыс жасалған

«Бір апта ішінде 2 862 қылмыс жасалды, оның 1 982-сі тәулік ішінде ашылды», деді баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 47 тонау және 433 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

Брифинг барысында адам саудасы фактілерін тергеу, интернет-алаяқтықты тергеу бағытындағы жұмыстар жайында мәлімет берілді.

Соңғы жаңалықтар