Нұрсұлтан Назарбаев А.Есімовтің басшылығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп, БҰҰ есебінде алдыңғы қатарлы халықаралық үздік жиырма қордың қатарына қосылғанын атап өтті.
Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бұл нәтиже негізінен А.Есімовтің жоғары жауапкершілігі мен зор кәсіби тәжірибесінің арқасында мүмкін болғанын айтты. Сондай-ақ А.Есімовтің басқа да маңызды мемлекеттік лауазымдарда жүктелген міндеттерді барынша тиімді орындағанына тоқталды. Өз кезегінде А.Есімов өзіне артылған жоғары сенімі үшін Елбасыға алғыс айтты.
Ол Қордың жеткен жетістіктері Тұңғыш Президенттің халықтың тұрмысын жақсарту және мемлекетімізді гүлдендіру бағытында жүргізген саясатының арқасында еліміз қол жеткізген толағай табыстың шағын бір бөлігі ғана екенін атап өтті.