Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып  Гамаль Тоқсамбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Гамаль Сайлауұлы Тоқсамбаев 1975 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін, 2014 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Шахтинск қаласындағы медициналық-санитарлық бөлімде дәрігер-хирург болып бастаған. Содан кейін бірнеше жыл бойы Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігер-хирург болып жұмыс істеді. 2009 жылдан 2011 жылға дейін Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасында бас хирург болды.

Бес жыл бойы «Облыстық медициналық орталық» КМК директорының орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылдан 2019 жылға дейін «Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

 

 

Қарағанды облысы