Мәселен, Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (МАӘС) шешімімен «Монолит Дизайн-2030» компаниясы лицензиядан айырылды және 800 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл компания Тастыбұлақ ықшамауданында орталық коммуникациялар құрылысын жүргізген болатын.
Өткен жылы аталған компания жұмыста жіберген кемшіліктері үшін әкімшілік шараға тартылды. Биылғы жылдың ақпан айында Тастыбұлақ ықшамауданының тұрғындары Алматы әкіміне компанияның жұмысты аяқтаған соң жолдарды ретке келтіруді сапасыз жүргізгені туралы шағымданған еді.
Осы шағымның негізінде қайта тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша бірқатар кемшіліктер анықталды, материалдар компанияны лицензиядан айыру үшін әкімшілік сотқа жіберілді.
Бұрындары, Алатау ауданында инженерлік желілерді салуда бірқатар заңбұзушылықтарға жол берген «Сигма» компаниясы да сот шешімімен лицензиясынан айырылған еді.
Сонымен қатар, проблемалық нысандарды жүргізген бірқатар компаниялардың жұмыстары да қайта тексерілетін болады, олардың арасында Төле би көшесіндеі инженерлік желілерді реконструкциялаған «АГС-ПЛАСТ» ЖШС мен «Сұңқар» ЖШС бар.
Еске салсақ, жақында Төле би-Мұратбаев көшелерінің қиылысында «AGS-PLAST» ЖШС-нің инженерлік жұмыстарды сапасыз жүргізгендігі салдарынан жол қақ айрылған еді.
Қазір бүкіл қала бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында стандарттардың сақталуына бақылау күшейтілді. Басқарма кәсіби компанияларды жұмысты орындау кезінде барлық нормалар мен талаптарды сақтауға шақырады. Тексерулер қорытындылары бойынша барлық тиісті шаралар қолданылады, тіпті лицензияларынан айыруға дейін.